Государственный республиканский академический Уйгурский театр
музыкальной комедии им.К.Кужамьярова

4 – шілде домбыра күні!

img-7 2 июля 2021
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи мұрасын кеңінен таратып, насихаттау мақсатында Ұлттық домбыра күніне орай арнайы дайындаған бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.
 
«Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді». Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.
 
«Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан əлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Елімізде қасиетті қара домбырға деген құрмет ешқашан төмендеген емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
 
Астында берілген сілтеме арқылы, домбыра туралы бейнематериал тамашалай аласыздар.

Источник: https://www.facebook.com/uyghurtheatre/videos/994411311400772

Предыдущая

Все новости