Государственный республиканский академический Уйгурский театр
музыкальной комедии им.К.Кужамьярова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шамиев Ялқунжан Ахметұлы шеберлік сабағын өткізді.

img-7 22 июня 2021

Жуырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдаумен Алматы облысы және Алматы қаласында «Сәлем, Елорда» II республикалық өнер фестивалі басталды. Фестиваль аясында еліміздің он бір өңірінен келген өнер қызметкерлері үшін Республикалық театр-гастрольдік орталықтарының ұйымдастыруымен арнайы шеберлік сабақтары өткізілуде. Жоба қатысушыларын бүгін Қ.Қожамьяров атындағы мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық театры ұжымы қарсы алды. Өнер қызметкерлеріне театр директоры лаузымын уақытша орындаушы Сонуров Саутжан Сидиқұлы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жаңартылған Ұйғыр театры ғимаратын кеңінен таныстырды.

«Музыкальная режиссура как особый жанр деятельности» тақырыбы бойынша қатысушыларға театр режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шамиев Ялқунжан Ахметұлы шеберлік сабағын өткізді. Кездесу барысында қонақтар өздерін қызықтырған сауалдарға Ұйғыр театрының басшылығынан нақты жауаптарды алды, тәжірібелерімен бөлісті. Шараға Қазақстанның аймақтарынан келген қонақтардың жалпы саны – 23 адам.