Государственный республиканский академический Уйгурский театр
музыкальной комедии им.К.Кужамьярова

Ұйғыр театрында "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызмет бағыттарын түсіндіруге арналған жиналыс өтті

1 июня 2021

уйгурский театр Қ.Қожамьяров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрында "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызмет бағыттарын түсіндіруге арналған жиналыс өтті.

Бүгін Қ.Қожамьяров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Adaldyq alańy" жобалық кеңсесінің жетекшісі - Марат Болысбекұлы Қамзолдаев театр Әкімшілігімен және шығармашылық, өндірістік бөлімдерінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты мәселелерді талқылады.

Кеңеске:

1/ Ұйғыр театры директоры лауызымын уақытша атқарушы және "Adaldyq alańy" төрағасы Саутжан Сидиқұлы Сонуров,

2/ Театр директорының қаржы ісі жөніндегі орынбасары Мерваням Ушурова,

3/ Бас есепші Жаннатбуви Изимова,

Театрымыздың шығармашылық және өндірістік бөлімдерінің өкілдері:

4/Театрдың кәсіподақ ұйымының басшысы, "Adaldyq alańy" төрағасының орынбасары Гульниса Садықова,

5/«Нава» фольклор ансамблінің көркемдік жетекшісі Ниязжан Турсунов,

6/ Режиссер Азизжан Искандаров,

7/ Театрдың Бас балетмейстері Эльмира Сәйдуллаева,

8/ Юрист – Руслан Сигитов

9/ Мемлекеттік сатып алу бойынша жауапкер – Ришат Курбанов т.б. қатысты

Бұл кездесуде Марат Қамзолдаев күнделік тіршілігіміздегі сыбайлас жемқорлық деген не? Бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстармен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістемелерімен тағы басқа да нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңымен кеңінен таныстырып түсініктеме берді. Марат Болысбекұлы Ұйғыр театры ұжымын, басшылығын мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерін азайтуға, ұйым қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, бір қатар сұрақтарға жауап беріп, Ұйғыр театрінда құрылған "Adaldyq alańy" қызметінің жұмысына табыс тіледі.

Предыдущая

Все новости