Государственный республиканский академический Уйгурский театр
музыкальной комедии им.К.Кужамьярова

Қхр делегациясы ұйғыр театрына келді

21 мая 2021
Бүгін Қ.Қожамьяров атындағы мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрына  ҚХА Төрағасының орынбасары  Азильханов Марат Алмасұлы бастаған делегация жұмыс бабымен келді. Қонақтарды Ұйғыр театрының директоры лауазымын уақытша атқарушы Сонуров  Саутжан Сидиқұлы  театрдың тарихы, бүгінгі шығармашылығымен кеңінен таныстырды. Қонақтар ең алдымен театрдың  жаңартылған  көрермен залын, сахна, вестибюль, музей, балкон,  цехтар, артистердің репетиция залдарын, гримханаларын  толығымен аралап танысты. «Театр – тәрбие мектебі, театр – тәлім, рухани азық алар орда.
 
Қазақстандағы ұйғыр театры осы тұрғыдан көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошағы, идеологиялық құралы болып табылады. Мен барлық театр ұжымын бүгінгі Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын және шығармашылық  үлкен табыстар тілеймін.» - деген жылы лебізін білдірді Марат Алмасұлы. Қонақтармен Қазақстан Ұйғыр Этномәдениет орталығының төрағасы Шахимардан Нурумов, орынбасарлары Долқунтай Абдухалил, Алматы қалалық ұйғыр этномәдениет орталығының Төрағасы Абайдулла Жапаров, Зихруллам Қурбанбақиев,  республикалық «Уйғур авази» газетасының Бас редакторы Ершат Асметов т.б. бірге болды.