Государственный республиканский академический Уйгурский театр
музыкальной комедии им.К.Кужамьярова

Кәрібжанова Роза Самидоллақызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.⠀

2 февраля 2022

ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры ұжымы Кәрібжанова Роза Самидоллақызын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды.⠀
Құрметті Роза Самидоллақызы, Сізге бүгінгі таңда жауапкершілігі аса жоғары лауазым жүктеліп отыр. Жаңа қызметіңізде Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен көп жылғы тәжірибеңіз көпұлтты еліміз мәдениетінің өркендеуіне, ел тәуелсіздігі тұғырының берік болуы жолында жұмсалатынына біз сенімдіміз.
Cізге осындай қиын және жауапты қызметті атқаруда зор ден саулық, сәттілік тілейміз! Жаңа қызметіңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры ұжымы

Предыдущая

Все новости