Государственный республиканский академический Уйгурский театр
музыкальной комедии им.К.Кужамьярова

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛУЫНА СЕНЕМІЗ!

24 января 2022

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛУЫНА СЕНЕМІЗ!
Егемен еліміз қаңтар айының басында тәуелсіздігіміз мен тұтастығымыздың қауіп төнген оқиғаларына тап болғаны бәрімізге аян. Тек Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдаған саяси шешімдерінің арқасында ұлттық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етіліп, жағдайды тұрақтандыра алды.
Мемлекет басшысының «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты баяндамасында тәуелсіздік жолындағы өткен тарихымыз бен жаңа міндеттерге тоқталып, жаңа Қазақстанды құрудың алғышартын жасады. Еліміз Президенті жаңа экономикалық саясат алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығы осы мәлімдемеде қамтылды. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен өткен мәжілісте бірқатар жан-жақты еліміздің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін көтеріп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономикамыздың дамуына басты назар аударуда. Бүгінгі күнге дейін қоғамда орын алған сыбайлас жемқорлық, квазимемлекеттік сектор жұмысының жабықтығы, еліміздегі экономикалық өсімнің көп жағдайда қаржылық-олигархиялық топтардың пайдасына шешіліп отырғаны; қалыптасқан олигополиялар еркін нарықтың дамуын тежеуі және мұның еліміздің бәсекелестік мүмкіндігін төмендетіп отырғанын Президент ашық айтты.
Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі.
Жаңа Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбек ету – әр бір қазақстандық азаматтың міндеті. Еліміз азаматтарының денсаулығын сақтау, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» атты әлеуметтік қор күрделі мәселелерді кешіктірмей шешеді деп ойлаймыз. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мұндай қорлардың маңызы зор. «Қазақстан халқына» қоры – мәдениетті де қолдайтынына сенімдіміз. Бұл әрине, еліміз театрлары, музей, кітапхана, мүсіншілер, суреткерлер, композиторлар үшін өте маңызды.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Тәуелсіз елімізде шынайы жаңарудың жаңа кезеңі басталды. Жаңа Қазақстанның өркениеті үшін біз, өнер қайраткерлері барынша атсалысамыз.
Құддыс Қожамьяров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа Қазақстанды құру туралы реформаларын бір ауыздан қолдайды. Осы тұрғыдан, маңызды шешімдер қабылданып жатқанда, еліміз болашағы – жас ұрпаққа өз Отанын сүю, Отанның әр бір ағашын, гүлін, байлығын, адамдарын, табиғатын қастерлеуді насихаттайтын маңызы зор сахна шығармаларымызбен киелі сахнамыздан өз міндетімізді адал атқарамыз деп сеніміз. Тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағына сенеміз!
Құддыс Қожамьяров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрыың директоры м.у.а. Саутжан Сыдықұлы Сонуров